ШҚО-да сібір елігін атып алған ер адам ұсталды
ШҚО-да сібір елігін атып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарма АПБ кешкі уақытта полиция қызметкерлері «Семей Орманы» РММ-мен Қалбатау ауылының маңындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақта бірлесіп патрульдеу барысында сібір елігін заңсыз атқан 53 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғынын ұстаған.
Оқиға орнынан шыққан жедел-тергеу тобы Ranger қарда жүру көлігін, 20 калибрлі «Сайга» мылтығы, 7, 62 мм калибрлі «BROWNING» мылтығы, сондай-ақ бір елік ұшасы тәркіледі.
Келтірілген залал 2 млн теңгеден астам сомаға бағаланды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі бойынша (Заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.