Ақмола тұрғыны танысының үйіне терезелері мен есіктерін бұзып кірген
Ақмола тұрғыны танысының үйіне терезелері мен есіктерін бұзып кірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қаңтарда жергілікті тұрғын Астрахан ауданының полиция бөліміне өтінішпен жүгінді. Әйелдің айтуынша, бұрынғы танысы оның үйінің есіктері мен терезелерін бұзып, үйге заңсыз кірген. Үй иесі полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды.
Аталған факті бойынша Астрахан ауданының ПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 149-бабының 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша сотқа дейінгі ісжүргізуді бастады.
Күдіктіге қатысты мәжбүрлеу шарасы “келу туралы міндеттеме” түрінде таңдалды.