Ақмолада әйел өзінің танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Ақмолада әйел өзінің танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтарда ақмолалық жедел уәкілдер танысының тәуелді жағдайын пайдаланып, оны бопсалап, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүр еткен тұрғынды анықтады.
Күдікті Көкшетау қаласының 46 жастағы тұрғыны жәбірленушінің деректерін интернет-сайттарға интим-қызмет көрсету туралы хабарламаны орналастырған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 308-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңайындалды. Мойындау айғақтары бар. Әйел үш жылға дейін колонияға қамау жазасына тартылуы мүмкін.