ШҚО полицейлері 3 500 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
ШҚО полицейлері 3 500 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 15 қаңтардан бастап Шығыс Қазақстан облысы ПД полицейлері күшейтілген қызмет өткеру нысанына көшірілді.
Осылайша, жеті күн ішінде 11 бірлік заңсыз сақталған атыс қаруы тәркіленді.
3 652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:
– ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы) – 832 бұзушылық, оның 823-і айыппұлға және тоғызы әкімшілік қамауға алынды.
– ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін (ӘҚБтК-нің 440-бабы) – 1 064 құқық бұзушылық, оның ішінде 986-ы айыппұл және 78-і әкімшілік қамауға алынды.
– тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 1 148 құқық бұзушылық анықталды, оның 185-і айыппұлға тартылды және 963-і ескерту берілді.
5 556 тексеру жүргізілді, оның ішінде 1 172 қараусыз қалған үй және 3 942 саяжай үйі, сондай-ақ жалға берілетін 1 484 пәтер тексерілді.
Көші-қон қызметі бағыты бойынша 107 құқық бұзушылық анықталды, 517-бабымен (Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасын бұзуы) – 65, 518-бабы бойынша(Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы) – 42.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады.