Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатқан ер адам анықталды
Павлодар облысында алкогольді заңсыз сатқан ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары Павлодар облысы Ертіс ауданы ауылдарының бір тұрғыны заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатыны анықталды. Полиция қызметкерлері бұл ақпаратты тексерді.
– 19 қаңтарда ауыл тұрғыны рұқсат құжаттары жоқ өз үйінен 0,5 литр көлемінде «Наша водка» атты акциздік маркасы бар бір бөтелке арақты жергілікті тұрғынға сатқан факті анықталды. Сонымен қатар, 45 жастағы ауыл тұрғынынан заңсыз сатылатын құрамында спирт бар 21 бөтелке сұйықтық тәркіленді, ‒ деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.
Тәртіп сақшысы 45 жастағы ауыл тұрғынына қатысты кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз және алкоголь өнімін заңсыз сату фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-і 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік өндіріс қозғалғанын атап өтті. Материал сотқа жіберілді.