Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қателігімді қайталамаңыздар!»: сотталған әйел өкінішін білдірді

Өскемендегі колониялардың бірінде жазасын өтеуші әйел өз өкінішін білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемендегі ОВ 156/1 түзеу мекемесінде тәрбиелік жұмыстар күн тәртібінен түспейді. Сотталған әйелге әңгіме жүзінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол қазіргі уақытта кінәсін толық түсініп, өзгелерге өзінің қателігін қайталамауды айтып отыр.

Ол бухгалтерлік қызмет көрсетіп жүріп от басқан. Айтуынша, консалдингті компанияның директоры әрі аудиторы болып жұмыс істеген. Отыз шақты кәсіпорынмен келісімшартқа отырып, жұмыс істескен.

– Бес кәсіпорынға қылмыстық іс қозғалғанда үшеуі менің компанияммен келісімшартта болған еді. Олардың кіріс құжаттарында кінәрат бар-тұғын. Оны білдім. Бірақ көңіл қимастықпен көмектестім. Сөйтіп қылмысқа қатысым бар тұлға ретінде ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлімімен сот үкімі бес жылға жаза кесті. Бір жылымды өтедім. Әріптестеріме айтарым, туғаның сұрап тұрса да заңнан аттап, жасанды құжатқа қол қоюдың қажеті жоқ, – дейді сотталушы Т.Тетерина (аты-жөні өзгертілді).

Қазіргі таңда әйел темір тордағы уақытын тиімді өткізуге тырысып жүр. Әр түрлі кітаптар оқиды, йогамен айналысады. Сонымен қатар, түзеу мекемесінде шаруашылық жұмыстарын атқарып, жалақы алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру