24 жастағы қыз қарағандылықтың банк картасынан ақша шешіп алған
Қарағандылық азаматтың банк картасынан 200 мың теңгеге жуық ақша шешіп алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз азаматша оның мас күйде болғанын пайдаланып, банк картасынан 198 мың теңге шешіп алғаны туралы арызданған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Араға үш күн салып, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматша ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.