Ақмолада әйел әкесінің атынан 1,4 млн теңгеге несие рәсімдеген
Бурабай ауданында әйел әкесінің атынан 1,4 млн теңгеге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қаңтарда Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті, ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін, банкте берешектің жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрағанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің 24 жастағы қызы болып шықты. Қыз жәбірленушіні екінші деңгейдегі банктердің бірінде жеке кабинет ашуға көндіріп, оның атына карта мен несие рәсімдеген.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.