Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер заңсыз ақбөкен аулаған тұрғындарды құрықтады

Қызылордалық полицейлер заңсыз ақбөкен аулаған тұрғындарды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтар күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Охотзоопром” ӨБ РМҚК қызметкерлерімен бірлесіп рейд барысында Тапа елді мекенінен 20 шақырым далалық жерде “ИЖ-Планета” мотокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында мотокөліктің жүк салғышынан бір бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың денесі және бір ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығы, үш дана патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Күдікті ретінде екі азамат ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру