Нұр-Сұлтан қаласында есепте тұрған сотталғандар тексерілді
Нұр-Сұлтан қаласында есепте тұрған сотталғандар мекен жайы бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы ауданының пробация қызметінің инспекторы М.Сағатқұлмен және Алматы ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің №8 учаскелік инспекторымен есепте тұрған сотталғандар тұрғылықты мекенжайы бойынша түнгі уақытта тексерілді.
Профилактилық іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар арасында қылмыстың алдын алу. Оларға ықпал жасайтын жақындарымен профилактикалық бағытта қайта қылмыс жасамау, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасап, жауапкершілікке тартылмауға, пробация қызметіне уақытылы келуге, жұмыстан және оқудан бос уақыттарында тұрғылықты мекенжайында болу туралы әңгіме сұхбат жүргізілді.
Тексеріс барысында кейбір сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша уақытша тіркеулері жоқтығына байланысты ҚР ӘҚБтК 492-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қоса, түнгі уақытта пробациялық бақылаудың тәртіптері мен сот жүктеген міндеттерін бұзған сотталғандарға жазбаша түрде ескерту жарияланды.