Алматы полициясы жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы әлеуметтік бейнероликтерді әзірлеуде
Алматы полициясы жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы әлеуметтік бейнероликтерді әзірлеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы жаңа технологиялардың қарқынды дамып жатқанын ескере отырып, кейіннен теледидарда көрсетілетін, интернет-порталдардың беттерінде жарияланатын, ПД-нің ресми аккаунттарында, сондай-ақ әлеуметтік желі пайдаланушыларының арасында таралатын медиа-жобалар – әлеуметтік роликтер, сюжеттер, репортаждар арқылы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде.
– Әзірге осы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында төрт бейнеролик әзірленді, оларда жол қозғалысы жағдайына теріс әсер ететін және көбінесе ірі жол-көлік оқиғаларына алып келетін жол қозғалысы ережелерін бұзудың жиі кездесетін түрлері қозғалды. Оның үстіне бұл өнім барлық жастағы аудиторияға арналған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Сондай-ақ, полицияда жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністердің дер кезінде алдын алуға және жолын кесуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.