Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті

Ақтөбеде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтарда сағат 20:20 шамасында Toyota Camry автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі Жиенбаев көшесі жағынан бау-бақша ұжымы бағытында «Южный обход» айналма жолында жолдың жүру бөлігінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жолдарда мұқият болуды, ара қашықтықты сақтауды, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру