«Тұрмыс» ЖАІШ: ақмолалық полицейлер 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Ақмолалық полицейлер 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24-30 қаңтар аралығында Ақмола облысының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Үш күн ішінде учаскелік полиция инспекторлары отбасылық жанжалқорларға қатысты 361 қорғау нұсқамасын шығарды. Бұл шара профилактикалық сипатқа ие және бір ай ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық болған отбасын бақылауға мүмкіндік береді.
Жалпы ақмолалық полицейлердің есебінде тұрмыс саласында 2 458 есепке алынған тұлғалар бар, олардың 1 330-ы алкогольге тәуелді, сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер 75 созылмалы маскүнемді есепке алды. Өткен кезеңде полиция қызметкерлері 417 құқық бұзушылықты анықтады, барлық фактілер бойынша адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Есепке алынған тұлғалар тексерілді, оның ішінде 361 отбасылық жанжалқорға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және 171 адамға сот мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген.
Операция барысында полиция қызметкерлері 330 қолайсыз отбасын тексерді, құқыққа қарсы әрекеттердің, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелер өткізді, құқық бұзушылыққа бейім адамдармен бір мыңнан астам әңгіме және дағдарыс орталықтарындағы адамдармен жұмыс кездесулерін ұйымдастырды.