Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шекарадан есірткі алып өтпек болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданы ПБ-ға Жібек жолы шекара бекетінің қызметкерлері хабарласып, өткізу пунктінен өту кезінде азаматтардың біріне “Кольт” атты қызметтік ит белгі бергенін жеткізеді. Бұл есірткі контрабандасы болуы мүмкін екенін ескерген полицейлер оқиға орнына тез арада жетті.

Жедел уәкілдер күдікті – Алматы облысының тұрғынын тінту кезінде оның сырт киімінің жеңінен қағазға оралған жасыл түсті есірткі затына ұқсас зат тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат «гашиш» болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру