Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мектептен кейін үйге оралмаған екі жасөспірімді тапты

Атыраулық полицейлер мектептен кейін үйге оралмаған екі жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтар күні сағат 19:00 шамасында “102” операторына мектептен кейін үйге келмеген ұлы мен жиенін іздеген әйелден қоңырау түсті.

Полицейлер жедел-іздестіру барысында аталған жасөспірімдерді тез арада тауып, анасына жеткізді. Ұлы мен жиенін іздеген әйел өз кезегінде полиция қызметкерлерінің жедел атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, атыраулық полицейлер өткен жылы тұрғын-жайдан тыс шығып кетіп, ата-анасы іздеген 50-ге жуық жасөспірімді аман-есен отбасына жеткізген болатын. Ал осы жылы ойнауға шығып кеткен 9 жастағы бала іздеуге алынып, құтқарушылар баланың өлі денесін Перетаска каналынан тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру