Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын анықталды

Қызылорда облысында далалық жерде заңсыз қару алып жүрген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 29 қаңтар күні сағат 11:20 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында 35 жастағы ауыл тұрғынының далалық жерде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, екі ұңғылы, құжатсыз аңшы мылтығын заңсыз алып жүргенін анықтады.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру