Көкшетауда ер адам әйелін соққыға жықты деп күдіктелуде
Көкшетауда ер адам әйелін соққыға жықты деп күдіктелуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтуде. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Көкшетау қалалық ПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
22 қаңтарда полицияға фельдшерден қабылдау бөлмесіне «жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, қабырғаның сынуы» диагнозымен облыс орталығының тұрғынының түскені туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – жәбірленушінің жұбайы, Көкшетау қаласының тұрғыны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.