Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да пробация қызметкеркерлері есептегі сотталғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді

БҚО-да пробация қызметкеркерлері есептегі сотталғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласы “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы” КММ-де пробация қызметімен тиімділік пен өзара іс-қимылды арттыру, сонымен қатар жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметінің аға инспекторы А.Махсотов мекемеде тұратын пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен түсіндірме әңгіме жүргізді.

Орталық директоры Е.Медетов атап өткендей, өткен жылы орталықта 154 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 52 қызмет алушы бұрын сотталған және төртеуі пробация қызметінің есебінде тұр.

– Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық және мәдени қызметтерді көрсету орталықтың негізгі міндеті, – деді орталық директоры Е.Медетов

Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға мекемеде тұру ережесі және жазаны өтеу шарттарын сақтау керегі тағы да ескертілді.

Шара соңында пробация қызметінің қызметкерлері шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру