Қызылорда облысында алтын бұйымдарды ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Қызылорда облысында алтын бұйымдарды ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қаңтар күні Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің 24 жастағы тұрғыны арызданып, қаңтар айының 29-ы күні белгісіз адамдар тұрғын үйінің жатын бөлмесіндегі шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдарын ұрлап кетіп, 200 мың теңге материалдық шығын келтірді деп көрсеткен.
Аталған дерек бойынша оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы және учаскелік полиция инспекторларымен тергеп-тексеру және жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы кент тұрғыны анықталып, тергеу бөлімшесіне жеткізілді.
Күдіктіден айғақ зат ретінде алынған алтын бұйымдар иесіне қолхат арқылы қайтарылып берілді.
Қазіргі таңда орын алған пәтер ұрлығы қылмысы бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.