Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір аптада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 30 тұрғын анықталды

Шымкентте бір аптада қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 30 тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ қызметкерлері әкімшілік аумақтарды патрульдеу барысында 24-30 қаңтар аралығында алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 30 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бапқа сәйкес осы құқық бұзушылық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, тәртіп бұзушыға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру