Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тұрмыс» іс-шарасы: Атырау облысында 300-ге жуық адам жауапқа тартылды

Атырау облысында «Тұрмыс» іс-шарасы барысында 300-ге жуық адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының аумағында отбасы-тұрмыстық саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болырмау және анықтау мақсатында 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара кезінде ІІО есебінде тұрған адамдар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді, ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебіне 105 адам алынды. Олардың ішінде қорғау нұсқамасы шығарылғандар – 78 адам, ерекше талаптар орнатылғандар – 10, маскүнемдіктер есебіне – сегіз, нашақорлық есебіне төрт, қолайсыз отбасы есебіне бес адам тіркелді.

Одан басқа, 300 жуық адам әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру