Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі көкшетаулықтан трамадол тәркіленді

Екі көкшетаулықтан трамадол дәрісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қалалық базар ауданында күдік тудырған облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын тоқтатты. Тінту барысында оданқатты есірткіге тәуелділікті тудыратын дәрілік препараттың (трамадол) 10 таблеткасы табылды және тәркіленді.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында осы дәрінің тағы бір әуесқойы, 25 жастағы жұмыссыз ұсталды. Одан да трамадолдың 10 таблеткасы тәркіленді.

Қатаң есептегі препарат дәріні қайдан алдыңдар деген полицейлердің сұрағына ұсталғандардың екеуі де тұрғылықты жері бойынша кіреберістерден тауып алғанын айтты.

Әрбір ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру