Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды

Атырауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпанда сағат 03:07 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Бергалиев көшесінде орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінің тұсынан Ресей елінде тіркеуде тұрған ВАЗ-21150 көлігінің жолдың қарсы бетіне шығып көлік жүргізгенін байқап, тоқтатады. Тексеру кезінде 42 жастағы Орал қаласының тұрғыны көлікті алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқарғандығы анықталды. Одан басқа, 42 жастағы азаматтың көлік басқаруға құқығы жоқ екендігі белгілі болды.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Одан басқа, жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, 153 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру