Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

17 жастағы павлодарлыққа алкоголь сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды

17 жастағы павлодарлыққа алкоголь сатқан дүкен иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полиция қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында алкоголь өнімдерін сатуға қатысты заңнаманың сақталуын тексереді.

Бірнеше күн бұрын кезекті патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторы жас баланың дүкеннен екі шөлмек алкоголь өнімін алып шыққанын байқаған. 17 жастағы жасөспірім алкогольді кім үшін және қайдан сатып алғанын сұраған полицейлерге ағасы алып келуін өтінгенін және қай дүкеннен сатып алғанын көрсеткен.

– Сатып алушы жасынан үлкен боп көрінгендіктен, құжаттарын тексермедім, – деп жауап берген сатушы полицейлердің қойған сұрағына.

Сатушының жауапсыздығы және заңды бұзғаны үшін дүкен иесі ҚР ӘҚБтК 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілді.

Осыған ұқсас фактіні полиция қызметкерлері сағат 11.00 шамасында анықтаған. Көшедегі маскүнем сергек полицейлердің назарынан тыс қалған жоқ. Оған осы сусындарды сатқан дүкен иесі де жауапқа тартылады. Іс ҚР ӘҚБтК 200-бабына (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) сәйкес сотқа жіберіледі. Өйткені этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын алкоголь өнімін сағат 21.00-ден 12.00-ге дейін сатуға тыйым салынады.

Ағымдағы жылда Павлодарда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 12 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру