Қызылордада құрылыс заттарын ұрлаған 2 күдікті құрықталды
Қызылордада құрылыс заттарын ұрлаған екі күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.
31 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің полицейлері қала аумағында орналасқан жеке тұрғылықты мекенжайларға кіріп, дәнекерлеу аппаратын, бензинпиласын, болгарка, бетон араластырғыш құралы мен тоқ беретін құрылғысын ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің тәртіп сақшылары құрылыс заттарын ұрлаған екі қала тұрғынын ұстады. Тәркіленген заттар заңды иесіне қайтарылды. Жәбірленуші басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.