Танысының үйінен 4 дөңгелек қолды еткен шымкенттік анықталды
Танысының үйінен төрт дөңгелек қолды еткен шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы үйінің ашық қалған есігі арқылы заңсыз кіріп, құны 130 мың теңгені құрайтын көлігінің төрт бірдей дөңгелегін ұрлап кеткен.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ол қала аумағынан ұсталып, тиісті басқармаға жеткізілген.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер тәркіленген дөңгелектерді заңды иесіне қайтарды. Жәбірленуші қырағылық танытып, істі жедел ашқан полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.