Шымкент тұрғыны жұмысқа орналасамын деп млн теңгесіз қалды
Шымкент тұрғыны жұмысқа орналасамын деп млн теңгесіз қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтарда Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы қаладағы мектептердің біріне мұғалім ретінде жұмысқа тұрғызып беремін деп сеніміне кіріп, 1 млн теңгесін алдап алған. Алайда бүгінге дейін әлгі азаматша не уәде етілген жұмысты, не ақшасын қайтармай жүргенін айтқан.
Хабарды алған Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғынды алдап соққан азаматшаны қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында тұрғынды алдаған азаматша тұрғынға жалған ақпарат берген, сондай-ақ иемденген қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.