Павлодар облысында заңсыз алкоголь сатқан 60 жастағы тұрғын анықталды
Павлодар облысында заңсыз алкоголь сатқан 60 жастағы тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауыл тұрғыны үйінде рұқсат құжаттарынсыз алкоголь өнімін сатып заңсыз бизнес жасаған. Бұл факт рейдтік шаралар кезінде железиндік полицейлермен анықталды.
Железинка ауылының 60 жастағы тұрғыны өз үйінде лицензиясыз алкоголь өнімін, атап айтқанда “Золотой дракон” арағын сатқан және осыған байланысты алкоголь өнімін сату талаптарын бұзған.
Тәртіп сақшыларымен әрбіреуі 0.5 литрлік 17 бөтелке “Золотой дракон” арағы тәркіленіп алынды. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлімі (Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және материал Железин аудандық сотына шешім қабылдау үшін жолданды. Ауыл тұрғынына 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге тура келеді.
Железин ауданы Полиция бөлімінің бастығы Елдос Нұрғалиевтың айтуынша, қабылданып жатқан шаралар аудан аумағында жедел жағдайды қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмегін тигізеді.