Halyk bank Жамбыл облыстық филиалының директоры ТЖ кезінде қызмет атқарған полицейлерге алғыс айтты
Halyk bank Жамбыл облыстық филиалының директоры ТЖ кезінде қызмет атқарған полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жаңдай кезінде интернет желісінің уақытша жұмыс істемеуіне байланысты облыс аумағында қолма-қол қаражат айналымы дереу қалпына келтіріліп, банктердің барлық филиалдарына ақша тасымалданды. Барлық банк бөлімшелерінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті. Қала тұрғындары банк бөлімшелеріне кедергісіз келіп, өз ақшаларын уақытылы алды
⁃ Тараз қаласының тұрғындары жамбылдық полицейлердің жақсы жұмыс атқаруының нәтижесінде, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерін уақытылы алды. Полиция қызметкерлері өз жұмыстарының жүктемесі тығыздығына қарамастан, облыс аумағында банк бөлімшелері мен терминалдарға ақша тасымалдау және инкассациялау кезінде қауіпсіздікті толықтай қамтамасыз етті, – деді Halyk bank филиалының директоры Н.Сейдахмет.
Halyk bank Жамбыл облыстық филиалының директоры Нұрлыбек Сейдахмет төтенше жағдай режимі кезінде өздерінің негізгі міндеттерінен басқа әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін де қауіпсіздікті қамтамасыз еткен полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.