СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметіне биометриялық терминал қолданысқа берілді
СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметіне биометриялық терминал қолданысқа берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Есіл ауданының әкімдігі Есіл ауданының прокуроры Т. Сапаровтың жәрдемдесуімен биометриялық терминал (саусақ іздерінің сканерін) сатып алды, ол СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметіне пайдалануға берілді. Сканер пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды саусақ ізі бойынша белгілеуге және тіркеуге мүмкіндік береді. Сотталған адам саусағын сканерге қоя отырып, пробация қызметіне келу уақытын белгілейді, осылайша сотталғандарды тіркеу жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, биосканер сотталғандардың жеке істерін жүргізудің «ашықтығына» және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің тәуекелдерін азайтуға арналған.
Қазіргі уақытта биометриялық терминалды СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің теңгеріміне беру мәселесі шешілуде.