Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бірден екі оқ-дәрі қоймасы табылды

Алматыда бірден екі оқ-дәрі қоймасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Медеу ауданындағы Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 патроны табылды.

– Екінші қойма Алатау ауданындағы шөлейттен табылды. Құлаған ағаштың тамырына «Макаров» тапаншасының 40 патрондары салынған полиэтилен пакеті жасырылған. Табылған оқ-дәрілер осы жылдың қаңтар айының басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша аумақтық Полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқ-дәрілерді жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру