Алматылық полицей отбасымен балалар үйіне көмек қолын созуда
Алматылық полицей отбасымен балалар үйіне көмек қолын созуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" демекші, мейлінше қолдан келгенше қайырымдылық, басқаға жақсылық жасап тұрған абзал. Сол секілді полиция қызметкерлері де қайырымдылық жасаудан кенде емес. Оның бірі - Алматы қалалық ПД ЖҚАЖ взвод командирі Сержан Бейсенқұлов.
Талғар қаласында орналасқан балалар үйіне көмек қолын созып жүрген полицей отбасымен көмектесіп тұрады.
Айлығының 25%-ын ай сайын балалар үйіне жіберіп, тек ақшалай ғана емес, жөндеу, тазалау жұмыстарына да көмек қолын созып, атсалысып отырады.