Қарағандылық полицейлер бір күнде екі автокөлік ұрлығын ашты
Қарағандылық полицейлер бір күн ішнде екі автокөлік ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 66 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу үйінің ауласынан автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Күдікті көлік айдап әкеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Дәл осы күні бірнеше сағат өткенде Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне Құрылысшылар даңғылының бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласынан белгісіз біреу автокөлік айдап әкеткені туралы хабарлама түсті. «Ізін суытпай» патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ұрланған көлік 46 жастағы азаматтың басқаруында ұсталды. Жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, күдікті ұрланған көлікпен жол-көлік оқиғасын жасағаны белгілі болды.
Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.