Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер «Жарқын бол!» интерактивті балалар байқауының қорытындысын шығарды

Полицейлер «Жарқын бол!» интерактивті балалар байқауының қорытындысын шығарды. Байқау елордалық мектеп оқушылары арасында кеңінен танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқаудың мақсаты – жас жаяу жүргіншілер арасында түнгі уақытта немесе ауа райының қолайсыз жағдайларында көлік жүргізушілеріне көрінетіндей шағылыстыратын элементтері бар киімді киюді насихаттау.

Жарық шағылыстыратын элементтер – бұл ең алдымен балалардың жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттануының алдын алу болып табылады.

Бірнеше номинациялар бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың атынан бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға қатысты қылмыстар мен заңсыз әрекеттердің алдын алу елордалық полицияның басты міндеті болып табылады», – деп атап өтті ПД бастығы.

Конкурсты бағалау кезінде киімдегі жарық шағылыстырғыш элементтердің сапасына, санына және орналасуына, сондай-ақ, оларды күнделікті өмірде пайдаланудың қолайлылығына назар аударылды. Жеңімпаздар «Үздік бейнеролик», «Үздік фото», «Ең жас қатысушы», «Ең үздік спортшы-қатысушы», «Үздік сценарий», «Үздік костюм» және «Шеберлік қабілеті үшін» номинациялары бойынша анықталды.

Ерекше көзге түскен ұстаздар да грамоталармен марапатталды. Байқауға балалармен бірге қатысқан «Ең жауапты ата-ана» номинациясында ата-аналардың да үлесі атап өтілді. Осы номинацияда жол жүру ережесін үздік түсіндіріп бергені үшін Саят Сайрамбаев марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін балаларға елордалық цирк әртістері өнер көрсетті.

Балалардың ешқайсысы назардан тыс қалмады, ең бастысы, олардың әрқайсысы қала көшелері мен жолдарында «жарық» болып, нұрлы болу қауіпсіз екенін өз үлгісімен көрсетті!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру