Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде ер адам түнгі клубта танысқан қызды тонап кетті

Өскеменде ер адам түнгі клубта танысқан қызды тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтарда сағат 02.30 шамасында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Ертіс ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгініп, қала түнгі клубтарының бірінің алдында ер адам ішінде ақшасы бар әмиян салынған пакетті қолынан жұлып алып, белгісіз бағытта “ізін суытқанын” айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесіндепатрульдік жасақ бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Полицейлер қарақшыны “ізін суытпай” бірден қолға түсірген. Күдікті ұрланған ақшаның бір бөлігін жұмсап та үлгерген екен. Ұсталған азамат масаң күйде болған. Күдікті азамат кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер ішінара қайтарған.

Тергеу барысында полицейлер жәбірленуші мен ұсталған ер адамның көңіл көтеру мекемесінде танысқанын анықтады. Жаңа танысымен көңіл көтерген әйел, біршама уақыттан кейін клубтан шығып, әңгімелесіп  тұрған уақытта, әйелдің қолынан ақша саланған пакетті жұлып алып, қаша жөнелген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ер адам 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру