Қарағанды облысының полицейлері бір күнде екі тонау фактісін ашты
Қарағанды облысының полицейлері бір күнде екі тонау фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне аудандағы аялдамалардың бірінде тонау фактісі орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
40 жастағы жәбірленуші полицейлерге аялдамада телефонын сөйлесіп тұрған сәтінде белгісіз біреу қолынан жұлып әкеткенін айтқан. Шығын көлемі 61 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 61 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Осы күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, дүкендердің бірінің жанында белгісіз біреу құны 125 мың теңге тұратын телефонын тартып алғаны туралы арызданған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай“ осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ретінде телефон тәркіленді.
Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.