Павлодар облысында 375 отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында 375 отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Неке бұзылғаннан кейін көптеген ерлі-зайыптылар әртүрлі мәселелер бойынша өзара қарым-қатынастарын жалғастырады, мұндай қарым-қатынастың соңы көбінесе жанжалға әкеледі.
Мысалы, 13 ақпанда сағат 23.45-те Павлодар қаласы Торайғыров көшесіндегі үйдің тұрғыны полицияға қоңырау шалып, оны бұрынғы күйеуінің ұрғанын хабарлаған.
Тағы бір жағдайда, полицейлерден Майра көшесінде тұратын павлодарлық балаларының көзінше үлкен жанжал шығарған шатаққұмар күйеуінен қорғауды сұрады.
Сол күні сағат 01.22-де 102 жедел арнасына Я.Геринг көшесіндегі пәтерлердің бірінен бұрынғы күйеуінің пәтерге келісімсіз кірмекке әрекеттеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Осы шақырулардың барлығына полиция кешікпей жетті, өйткені қауіп-қатер тек әйелдердің денсаулығына ғана емес, олардың өміріне де төнді.
– Біздің ажырасқанымызға бірталай уақыт өтті, біз енді бір-бірімізге бөтен адамдармыз, әрқайсымыздың жеке тағдырымыз бар. Бірақ ол мұнда келуін қоймайды, – дейді қамыққан әйел.
Ағымдағы жылдың басынан бастап отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар үшін 375 отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Егер бұрынғы жұбайы дөрекі болса, ал әйелі полицияға арыз берсе, іс құқық қорғау органдарымен қарым-қатынаста аяқталады. Учаскелік инспектор қорғау нұсқамасын шығарып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Ұрып-соғу кезінде құқық қорғау органдарының сақшылары SMS өтуге жолдама береді, оның қорытындысы бойынша келтірілген жарақаттардың ауырлық дәрежесі анықталады. Әрі қарай сот жанжалқордың тағдырын шешеді, – деп түсіндірді полиция.