Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері қараусыз қалған нысаннан 88 оқ-дәрі тапты

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері қараусыз қалған нысаннан 88 оқ-дәрі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мен Жамбыл облыстық Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың ішкі және сыртқы аумағында күнделікті қару жарақтар мен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын үзбей жүргізуде.

Бүгін Жамбыл ауданы Бәйтерек ауылы маңында қараусыз қалған бір қабатты нысанның артқы жағынан 88 дана 5х45 калибрлі оқ-дәрі тапты. Табылған оқ-дәрілерге арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Одан бөлек, мөлтек аудандардағы барлық көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері, шатырлары, ауладағы люктер, қараусыз тұрған нысандар және құрылысы жүріп жатқан нысандар тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру