Қарағандыда көліктен 7 келі кептірілген жеміс ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағандыда көліктен 7 келі кептірілген жеміс ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, дүкендердің бірінде белгілі бір адамның ұрлық істегені туралы арызданған. Дүкенге жеткізілген кезекті жүкті түсіру кезінде бір бейтаныс адам өз еркімен көмектескен. Бейтаныс адам жүкті түсірісіп, көмектескен соң кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін әлгі адамның өзімен бірге 7 келі кептірілген жеміс салынған пакетті алып кеткені белгілі болды. Саудагерге келтірілген шығын көлемі 25 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
10 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 45 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған адам істеген қылмысын мойындады. Айғақты заттардың жартысы табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.