Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Жас сарбаз” әскери-спорттық жарысы өтті

ШҚО-да “Жас сарбаз” әскери-спорттық жарысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығару күніне арналған мереке қарсаңында сол бір сұрапыл соғысқа қатысқандарға құрмет көрсету мақсатында Полиция департаментінің қызметкерлері Прапорщиково кентіндегі Д.Қонаев атындағы орта мектебінің әкімшілігімен бірлесіп, “Жас сарбаз” әскери-спорттық жарысын өткізді, оған Ауған соғысының ардагері Вальсултанов Меирхан бастамасымен құрылған кадет сыныптарының оқушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылықтарын дамыту, жасөспірімдерді бір біріне көмек қолын созып, қолдау көрсетуге тәрбиелеу.  

Аталмыш жарысқа ШҚО ПД бастығының орынбасары Р.Унарбеков, Кадр саясаты басқармасы, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, сондай-ақ ШҚО ПД аппаратының Ардагерлер кеңесі қатысты.


Жарыс саптық байқаумен басталып, әскери-спорттық эстафетамен аяқталды, онда кадет оқушылары жас ерекшеліктеріне қарамастан жауынгерлік іс-қимылдардың күрделі элементтерін орындады. Сондай-ақ, командалар жарысқа түсуге тура келетін басқа да тапсырмалар болды.  

Жарысқа қатысушылар жақсы дене шынықтыру дайындығы мен әскери шеберліктен басқа нағыз жауынгерлерге тән мінез-құлықпен қатар рух жігерлігін көрсетті. Жарыс барынша қызықты әрі тартысты өтті.


Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға ШҚО Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері ұрыс тәсілдері бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Болашақ Отан қорғаушылар арнайы бөлімше жауынгерлерінің көрсеткен шеберліктеріне тәнті болып, осы қызметке деген ерекше қызығушылықтарын білдірді. 

Полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына жаңа спорттық жабдықтарын естелік ретінде сыйға тартты. 

Турнир соңында ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков жарысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, ерекше көзге түскен кадет оқушыларын марапаттады.

– Кадет сыныптарының идеологиясы көпұлтты қоғам жетістігінің негізі ретінде жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған, онда белсенді азаматтық ұстанымы  бар, идеяға берік жас ұрпақ тәрбиеленіп жатқанына сенімдімін, – деп сөзін аяқтады ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру