Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД бастығы бейнебақылау жүйесінің жұмысын тексерді

Маңғыстау облысы ПД бастығы бейнебақылау жүйесінің жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау полициясының жаңа басшысы Аян Дүйсембаев  ПД-ның бірқатар нысандарымен танысты. 14 ақпан күні ПД бастығы «Каспий» стационарлық модульдік бекетіне және учаскелік полиция пунктеріне жұмыс барысымен танысу үшін арнайы барды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда учаскелік инспекторлар жұмысының маңызы зор. Олардың жұмысының ілгері жүруіне, жасалған жағдай тікелей әсер етеді. Сондықтан учаскелік полиция пункті қажетті техникалармен толықтай жабдықталған болуы тиіс.

Ақтау қаласының жағалауында «Каспий» модульдік стационарлық бекеті орналасқан. Бейнебақылау камераларының көмегімен бұл бекет жағалау аймағын толық бақылауды жүзеге асырады және тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

– Учаскелік полиция пункттерінде қызмет атқаруға толықтай жағдай жасалған. Ұсақ кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмалары берілді. Стационарлық бекетте де, учаскелік полиция пункттерінде де, жалпы қаладағы қай-қай бейнебақылау камерасы болмасын бір орында тұрғанымен шектеліп қана қоймай, үздіксіз жұмыс жасап тұруы тиіс. Камералар – қылмысты ашып, құқық бұзушылықтарды анықтау үшін таптырмас құрал. Тек оны дұрыс пайдаланып білу қажет, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД басшысы Аян Дүйсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру