Павлодарлық полицейлер жоғалған жылқыларды иелеріне тауып берді
Павлодарлық полицейлер жоғалған жылқыларды иелеріне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Ертіс ауданы Ұзынсу ауылының тұрғындары Ермек Ермүкенов пен Евгений Гейсттен алғыс хат келіп түсті.
– Мен 4 ақпанда полицияға жүгіндім. Себебі 2-3 ақпан аралығында Ақтайлақ ауылының маңында белгісіз адам екі жылқымды ұрлап кетті. Залалдың жалпы сомасы 800 мың теңгені құрады. Біз үшін бұл үлкен ақша. Полиция бірден қылмыскерді іздестіре бастады. Мен жылқыларымның табылатынына күмәндандым. Бірақ біраз уақыттан соң полиция маған жылқылардың табылғанын хабарлады. Жылқылар жылқышыдан табылды. Ертіс ауданы полицейлерінің жоғары кәсібиліктеріне, жасаған жұмыстары үшін ризамын! Сіздерге зор денсаулық және қиын қызметте сәттілік тілеймін. Департамент басшылығына осындай қызметкерлері үшін орасан алғысымды білдіремін, – деп жазған Ермек Ермүкенов.
Ұрланған жылқылар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар, полиция бөтен малды ұрлау 3 мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкі тәркіленетінін ескертеді.