Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ сыбайлас жемқорлық фактілерін екі есеге азайтты

ІІМ сыбайлас жемқорлық фактілерін екі есеге азайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы үш жылда ІІО құрылымын өзгерту, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңайлату және қызмет атқаруға қойылатын талаптарды қатаңдату жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесінде ІІМ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жартысына жуығын төмендетуге қол жеткізді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Атап айтқанда, егер 2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 396 болса, 2021 жылы – 196.

Сондай-ақ, Мемлекет ІІО жеке құрамының әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту бойынша шаралар қабылдауда, олар өз кезегінде қызметтік міндеттерін адал орындауда.

Бұған дәлел, полицейлердің өздері пара алу әрекеттері туралы хабарлаған жағдайлар санының өсуі. 2019 жылы осындай 44 хабарлама тіркелді, 2020 жылы – 111, 2021 жылы – 108.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру