Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Оқуға түсіріп беремін»: шымкенттікті алдап, ақшасын иемденіп алған әйел ұсталды

Шымкент тұрғынын оқуға түсіріп беремін деп алдап, ақшасын иемденіп алған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел сеніміне кіріп, ЖОО-ға түсіріп беремін деп алаяқтық жолмен 500 мың теңгесін иемденіп алған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды.

Аталған жайт бойынша тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап, ақшасын иемденген әйелді қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған күдікті арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру