Елордалық полиция басшысы азаматтарды қабылдады
Елордалық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтар онлайн режимінде Департамент басшысына шағым, өтініш және талап-тілектерімен тікелей жүгінді. Марат Төлебаев барлық туындаған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, өтініш білдірген азаматтарға олардың мәселелерін шешу жолдарын айтып кеңес берді. Көтерілген мәселелерге қатысты тиімді шешімдер қабылдау мақсатында қабылдауға сала басшылары да қатыстырылды. Жалпы сегіз азамат қабылданды. Әрқайсысы қойылған сұраққа толық жауап алды.
Азаматтар негізінен алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу, іс материалдарын қарау кезіндегі қызметкерлердің әрекеттері мен әрекетсіздігі, сондай-ақ, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сұрақтар көтерді.
Елордалық полиция бастығы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және сындарлы жауап беруге қатысты бірқатар нақты фактілер бойынша басшыларға тиісті тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін іс материалдарды Департамент басшысы жеке бақылауға алды.
Өз кезегінде азаматтар Полиция департаментінің басшылығына уақыт бөліп көңіл аударғандары үшін алғыстарын білдірді.