Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде екі саяжай тұрғыны қылмыстық топтың құрбанына айналды

Өскеменде екі саяжай тұрғыны қылмыстық топтың құрбанына айналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда Өскемен қалалық ПБ Солжағалау полиция бөлімінің 102 жедел арнасына облыс орталығының 55 жастағы тұрғыны хабарласып, оның «Звезда» бау-бақша серіктестігінде орналасқан саяжай учаскесінен белгісіз біреулер құны 100 мың теңгеге бағаланған мыс кабельдерін ұрлағанын айтып арызданған.

Көп ұзамай дәл осындай ұрлық жасалғанын туралы жәбірленушінің 64 жастағы көршісі хабарласты. Ол саяжай үйнен белгісіз адамдар құны шамамен 120 мың теңге тұратын титан су құдығын ұрланғанын жеткізген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған ұрлықтарға қатысы бар адамдарды анықтады.

Күдіктілер 28, 35 жастағы ер адамдармен бірге қылмысқа барған 31 және 33 жастағы ағайындылар жауап алу барысында ұрлыққа барғандарын мойындаған.

Ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру