ШҚО-да екі сотталушы қоныс колониясына ішімдік кіргізбек болған
ШҚО-да екі сотталушы қоныс колониясына ішімдік кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО-да қоныс колониясының қызметкерлері сотталушыларды өздерімен бірге колония аумағына қырық градустық сусын дайындап алып келіп, мекеме аумағына кіргізбек болған кезде ұстады.
– Екі күн ішінде екі сотталғандар ұсталды, олар түзеу мекемесіне уақытылы келіп, өздерімен бірге ішімдік кіргізбек болды. Бірінші жағдайда, сотталған екі бөтелке коланы алкогольмен араластырған. Екінші жағдайда, 29 жастағы әйел алкогольді целлофан пакетіне кұйып кіргізуге тырысты. Тексеру кезінде целлофан пакеттің ішінен және коладан белгісіз заттың өткір ерекше иісі шығып тұрғанын анықтадық. Сондай-ақ, сотталғандар наркологиялық диспансерге куәландыру үшін жіберілді, онда сотталғандардың өздерінен алкоголдік ішімдік ішкен дерегі анықталды. Оларға қатысты жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды, – деді мекеме бастығының орынбасары Дархан Биғазиев.
Айта кету керек, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзған сотталғандар қоныс колониясынан түзеу колониясына ауыстырылуы мүмкін.