Қызылорда тұрғыны жоғалған телефонын тауып берген полицейге алғыс айтты
Қызылорда тұрғыны жоғалған телефонын тауып берген полицейге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 ақпанда сағат 10:30 шамасында қала тұрғыны таксиден түскен соң телефонын жоғалтып алғанын байқап, Полиция басқармасына арызданған.
Полиция басқармасының анықтаушысы Нұрлыбек Балатай қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде екі сағаттың ішінде жәбірленушіге телефонын тауып берді.
Қызылорда қалалық ПБ бастығының атына жергілікті тұрғын Асқарбек Қаржауов анықтаушы Нұрлыбек Балатайға алғысын білдіріп, хат қалдырды.