БҚО бойынша ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті
БҚО бойынша ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінде БҚО бойынша ҚАЖД МБЖ ІІБ аға жедел уәкілі Серік Қойшыбаев, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасы басшысының орынбасары Әлия Денизбаева және «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының инспекторы Афиза Семғалиеваның қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы бейнеролик көрсетілді, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы ескертумен күнделікті қызметтегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу мәселелері қаралды.
Нәтижесінде, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстар, салалық заңнамадағы сәйкессіздіктерді жою бойынша мәселелер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық алаңында ҚАЖД басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.