Маңғыстау облысының бас полицейі тұрғындарды қабылдады
Маңғыстау облысының бас полицейі тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел және сапалы қарау мәселесі – полиция қызметіндегі маңызды бағыты. Азаматтардың өтінішін уақытылы қарап, мәселенің оңтайлы шешімін табу халықтың полицияға деген сенімін арттыратыны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстар Маңғыстау облысының Полиция департаменті басшылығының үнемі бақылауында.
Маңғыстау облысының ПБ бастығы Аян Дүйсембаев жоспарлы әрі алғашқы жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға облыстың он тұрғыны жазылып, олар басшыға сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды.
Көптеген сұрақтар қылмыстық істер мен әкімшілік материалдарға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қызметке қайта қабылдау мәселелеріне қатысты болды. Бұдан басқа А.Дүйсембаев келіп түскен сұрақтар бойынша тиісті қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол қосымша зерделеуді қажет ететін материалдарды жеке бақылауына алатынын атап өтті.